КГУ


    «Болашаққа бағдар: Рухани  Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында мамыр айының 19 күні шығармашылық орталығының тәрбиеленушілерінің қатысуымен талантты тұлға Естай Беркімбайұлының есімін мәңгілік ету, өңірдің тарихи ескерткіштеріне танымдық көзқарастарын, ой өрістерін, дүниетанымдарын кеңейту, өлкеміздің рухани тарихы мен табиғатын тану, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезім ояту мақсатында аудан орталық көшесінде орналасқан Ақтоғай орталық кітапхана ұйымдастыруымен «Ескерткіштер-ғасырлар куәсі» атты Е. Беркімбайұлының ескерткішіне библиосаяхат өткізілді. Саяхат барысында оқырмандарға аудан орталығында мәңгілік мекенін Ақтоғай ауданынан тапқан жерлесіміз, әнші, ақын Естай Беркімбаевқа арналған ескерткіш бюстінің ашылғаны жайында әңгімелеп, Естай мен Қорлан арасындағы ғашықтық хикаясы жайлы айтылды. Аудан орталық көшесінің сәнін келтіретін Естай ескерткіші ұрпақтардың санасында мәңгі жатталып қалады деген сенімдеміз.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған