КГУ

https://youtube.com/shorts/v9jdL9YMxUw?feature=share

   Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылдық кітапханасы 7 Мамыр Отан қорғаушылар күніне және 9 Мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай "Ерліктің жарқын беттері" тарихи кеш іс-шарасын ұйымдастырып өткізді. Шараның мақсаты жас ұрпаққа Ұлы Жеңістің қадір-қасиетін түсіндіру, ардагер аталарымыздың ерлік істерін паш ету. Оларды Отанын қорғауға әрқашан дайын болатын патриоттар болуға тәрбиелеу. Шара барысында оқырмандардың назарына кітап көрмесі ұсынылып онда қойылған әдебиеттерге қысқаша шолу жасалды. Ауылымыздағы соғыс ардагерлерінің құрметіне орнатылған ескерткішке экскурсия жасадық. Балаларды ескерткіш жанына апарып, жерлес ардагерлер туралы әңгімеленді. Балалар өздерінің батыр аталары туралы айтып берді. Аталарының рухына 1 минут үнсіздікпен құрмет көрсетті.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған