КГУ

https://youtu.be/JSj6LeVzblc

  7 мамыр мерекесі күнін Қазақстан халқы Отанға деген патриоттық сезіммен, зор мақтанышпен қарсы алады. 2012 жылдан бастап Қазақстанда Отан қорғаушылар күні аталып өтілуде.
  1992 жылғы 7 мамырда Елбасы Н. Назарбаевтың Жарлығымен ҚР Қарулы Күштері құрылды. Дәл осы күні республика аумағындағы КСРО Қарулы Күштерінің құрамындағы мекемелер, бөлімдер, құрамалар Қазақстан Республикасының құзыретіне берілді. 7 мамыр— Отан қорғаушылар мерекесі болып бекіді. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.
Онлайн-режиміндегі оқырмандардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейтумен бірге, Қазақстан азаматтары - Отан қорғаушылар екенін айта отыра, Отанын қорғауға, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында Ақтоғай орталық кітапханасында «Ерлер жердің қорғаны-елдің тұтқасы»атты Отан қорғаушылар күніне арналған танымдылық сағат өткізілді. Отанға деген сүйіспеншілікпен, елге қайырымды Отан қорғаушылардың құрметтеріне «Бақытты боп жүргенім», «Отан» т.б тақпақтар нақышына келтіріліп орындалып, мереке «Сарбаздар әні» өлеңін шырқауымен өз мәресіне жетті.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған