Қожамжар ауылдық кітапханасында ,,Коммуникациялық орталығында" Жармұхамбет Тіленшін атындағы орта мектебінің оқушыларымен ,,Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке 30-жыл" атты кітап көрмесін ұйымдастырып ,,Тәуелсіз Қазақстан біздің Отанымыз!" мәнерлеп оқу сағаты өтті. Шарада оқушылар кітап көрмесімен танысып, тәуелсіздік туралы мәліметтермен танысты Жанболат Д, Ибрагим С. тақпақтарын мәнерлеп оқып берді. Утегенова А, Жанболат Ә, Жангазинова А. ,,Тәуелсіз ел ұраны" әнін шырқады..Оқушылар белсене қатысып, тәтті сыйлықтар берілді. Тәуелсіздік мерейтойына арналған шараға оқушылар асқан жауапкершілікпен қарап, белсенділік танытты.