https://youtube.com/shorts/AA2A1ppEjDI?feature=share
Ақтоғай аудандық Харьков ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ховдабай К. 4-маусым Рәміздер күніне орай "Ел рәміздері–еркіндік нышаны!" атты ақпараттық сағат өткізді. Іс шара барысында оқушыларға кітап көрмеге шолу жасалып, рәміздердің тарихы мен маңызы туралы ақпарат берілді. Мақсаты: жас ұрпаққа ел рәміздерінің біздің мемлекет үшін қаншалықты маңызды екендігін түсіндіру арқылы, оларды рәміздерімізді құрметтеуге, сыйлауға және сол арқылы болашақта елін сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.