Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылдық кітапханасында балалар мерексіне арналған "Егемен елдің ертеңіміз" атты ертеңгілік болып өтті. Шараның мақсаты балалалардың мерекесінде оларға қуаныш пен , керемет көңіл-күй сыйлау. Шара барысында балалардың назарына кітап көрмесі ұсынылды. Кітапхана алдында балалар асфальтқа сурет салды, жұмбақтар шешіп, мақал-мәтелдер айтудан жарысты, қызықты көңілді ойындар ойнады. Шара соңында балаларға тәтті сыйлықтар таратылды. Балалар риза болып тарқасты.