КГУ

 

    М.О. Әуезовтің тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу, қазақтың болмыс-бітімін, мәдениеті мен әдебиетін, рухани өресін таныту мақсатында, «Кешкі кітапхана» жобасы аясында Ақтоғай орталық кітапханасында қазақтың ұлы кемеңгер жазушысы М. Әуезовтің 125 жылдығына орай «Дәуірдің дара тұлғасы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Абай ОМ 6-7 сынып оқушылары ұстаздарымен қатысты. Жазушының өмірбаяны, шығармашылығы туралы ұсынылған бейне материалдарды тамашалай отырып мол мағлұматтар алды. «Әлем таныған Әуезов» атты айдарда жазушының белгілі әңгімелері «Қорғансыздың күні», «Кім кінәлі?», «Көксерек», «Қараш-қараш» және «Қилы заман» повесі, «Еңлік-Кебек», «Айман-Шолпан», «Абай», «Қара қыпшақ Қобланды» сынды пьесалары туралы кеңінен ой қозғалды. Осындай шығармалармен сусындап өскен жастардың бойынан ұлт тағдырына деген ерекше көзқарасты аңғаруға болады. «Қазақ әдебиетінің тарланы» атты кітап көрмесі бойынша кітаптарға шолу жасалды.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған