
М.О. Әуезовтің тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу, қазақтың болмыс-бітімін, мәдениеті мен әдебиетін, рухани өресінтаныту мақсатында, «Кешкі кітапхана» жобасыаясында Ақтоғай орталық кітапханасында қазақтың ұлы кемеңгер жазушысыМ. Әуезовтің 125 жылдығына орай «Дәуірдің дара тұлғасы» атты әдеби кеш өтті. Іс-шараға Қайырбаев ОМ 6, 9 және 10 сынып оқушылары ұстаздарымен қатысты. Қатысушылар жазушының өмірбаяны, шығармашылығы туралы ұсынылған бейне материалдарды тамашалай отырып мол мағлұматтар алды. «Әлем таныған Әуезов» атты айдарда жазушының белгілі әңгімелері «Қорғансыздың күні», «Кім кінәлі?», «Көксерек», «Қараш-қараш» және «Қилы заман» повесі, «Еңлік-Кебек», «Айман-Шолпан», «Абай», «Қара қыпшақ Қобланды» сынды пьесалары туралы кеңінен ой қозғалды. Осындай шығармалармен сусындап өскен жастардың бойынан ұлт тағдырына деген ерекше көзқарасты аңғаруға болады.«Көксерек» атты әңгімесі бойынша қысқа көлемдегі бейнеролик тамашаланып, талқыланды. «Қазақ әдебиетінің тарланы» атты кітап көрмесі бойынша кітаптарға шолу жасалды.