КГУ

https://youtu.be/vxFr6p4xiyk 

1 шілде – ҚР Ұлттық домбыра күні бекітіліп, қазақ халқының ұлттық аспап домбыра туралы түсінік беру, кітапхана қорымызда  бар кітаптарымен таныстыру, арқылы жастарды патриотизмге тәрбиелеуді мақсат етіп онлайн-режиміндегі оқырмандарға арналған Ақтоғай орталық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде «Домбырасыз ән қайда» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Қазақтың төл өнерін шынайы бағалай білетін оқырмандар үшін ең құнды дүние – құдіреті қос ішегіне қонған қолдағы қасиетті қара домбыра екені әңгімеленіп, домбыраның қазақ халқының мәдениетіндегі маңыздылығы туралы айтылды. Сыңғырлаған домбыраның қоңыр үні халқымыздың тарихын, салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа әуенмен жеткізіп келген. Аталмыш музыкалық аспап туралы қазақ ертегілерінде де, аңыз-әңгімелерде де айтылады. Атақты күйшілердің шығармалары, шәкірттерінің мұрасы қойылған «Нағыз қазақ- домбыра» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған