Жаңатап ауылдық кітапханасы шілденің алғашқы жексенбісі – Ұлттық домбыра күніне орай " Домбыра киелі аспап" атты танымдық сағатың өткізді. Ұлттық құндылығымызды ардақтау, рухани жаңаруымызға үлес қосар мереке. Өйткені шанағынан рух берер күй күмбірлегенде елең етпейтін қазақ жоқ. Домбыра үні қанымызда бар, ұлттық өнеріміз. Ғасырлар бойы қазақтың серігі, қиындықта сүйеу, қуанышта көңіліңің қанаты болған домбыраға арнайы күн белгіленуі үлкен қуаныш. Домбыра-ол қазақтың жаны, күй күмбезін көкке өрлеткен көненің көзі. Домбыраның әуенімен қазақтың талай күйшілері, ақын-жыраулары мен сал-серілер музыка әлемінде жыр төгілтіп, күй шерткен.
https://www.instagram.com/p/DLt6XtuTkZv/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MXdjNm1rYjZnam5oZQ==