https://youtu.be/rCHt-EF61TE
Жастардың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі діни құндылықтарымызды насихаттау, тазалыққа, адалдыққа, қайырымдылық пен мейірімділікке, ізгілікке, адамгершілік және ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Кешкі кітапхана» жобасы аясында Ақтоғай орталық кітапханасында «Діни мерекелер арқылы адамгершілікке тәрбиелеу» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Ақтоғай ауданы «Жандарбек» мешітінің имамы А.Қожахметов, М.Қайырбаев ОМ ұстазы Ж.Сматаев және жоғары сынып оқушылары қатысты. Шара барысында адамгершілік, имандылық, тазалық, рухани байлық жөнінде айтылып, діни мерекелерге тоқталып, Павлодар «Сытин» баспасынан шыққан адамгершілік тақырыбына арналған А. Тойшыбайұлының «Сәулең болса кеудеңде», «Ақылға сәуле қонбаса» атты кітаптарына шолу жасалды.