КГУ

 

  Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру; өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстырып, өмірде қолдана білуге үйрету; құқықтық білімдерін толықтыру, адамгершілік, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы патриоттық тәрбие беру мақсатында Ақтоғай орталық кітапханасында «Парасат жолы» жобасы негізінде «Біздің таңдау-Заң бойынша өмір сүру» атты «Жандарбек ата» мешітінің имамы Ахметолла қажымен кездесу өтті. Шара барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу–адамның қоғам алдында ғана емес, адамның өмір сүру жағдайлары азаматтардың заң алдындағы құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тиімді тетігіне мүдделі екендері әңгімеленді. Сонымен қатар, Ислам дінінде адалдық, парасаттылық туралы әңгімеленіп, ситуациялық жағдайлар талқыға салынып, талданды.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған