https://youtu.be/osn6nIRuzew
9 мамыр күні Қазақстан халқы Ұлы Жеңіс күнін атап өтіп өтеді. Бұл мереке әр отбасына ыстық, өйткені соғыс бірде-бір жанұяны айналып өтпеді. Әр отбасында соғысқа қатысып, жеңіспен оралған немесе ерлікпен қаза тапқан және оралмаған ата-әжелері бар. Қаншама адам тылда еңбек етті. Сұрапыл соғыста жеңіске жету жолында миллиондаған адамның өмірі қиылды,соның ішінде біздің де жерлестеріміз баршылық. Сондықтан да адамзат өткен соғыстың құрбандарын жақсы біледі.
Бүгінде өсіп-өніп жатқан бұрынғы батыр бабаларымыз бен кешегі майдангерлерден өсіп отырған ұрпақтар- оқырман-балаларға патриоттық сезім, ардагерлер ерлігіне тағзым, құрметтеуді қалыптастыру мақсатында онлайн-режимінде Ақтоғай орталық кітапханасында «Біз Жеңістің ұрпақтарымыз» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Оқырман назарына бейнепрезентация ұсынылып, шағын көрініс орындалды.
Біз Отан қорғау жолында жанын құрбан еткен боздақтардың қандыбалақ шайқастағы ерлігін, майдангерлер хаттарын көркем шығармалардан, соғыс туралы кинолардан көріп өстік. Болашақ өмір, ұрпақ үшін жанын қиған ата-бабаларымыздың ерліктері ғасырлар өтсе де ұмытылмастай тарихта жазылды. Қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан батыр ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас ие мәңгілік тағзым етеміз.