Оқырман-балаларды Ұлы Отан соғысымен, ерлік істерімен таныстырып, біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-ағаларымыздың есімін еш уақытта ұмытпау үшін әрдайым есте сақтау керек екені абзал. Осыған орай Ақтоғай аудандық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде « Біз соғысты көрген жоқпыз» атты соғыс туралы сурет салу іс-шарасы өтті. Әрбір оқырман өз суреттері арқылы бейбітшілік, өркендеу және тыныштықты бейнелеуді, бабаларымыздың ерліктерін мәңгі есте сақтап, мақтан тұтатынын көрсете алды. ,