Ақтоғай ауданы, Шұға ауылдық кітапханасы. 1 мамыр -Қазақстан Халқының Бірлігі күні аясында ұлттар кеші өтті.Онда , Өзбек,Орыс, Украин, Қазақ, Үнді ұлттары болды.Әр ұлт өкілдері өздерінің өнерлерін және ұлттық тармақтарымен таныстырды. Баршаңызды татулық пен тұтастықтың мерекесі – 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын. «Бірлік – береке, ынтымақ – ырыс» деп білген халқымыз қай заманнан да татулықты ту етіп келеді. Осы тұтастық, берекелі тірлік біздің ел болып еңсе тіктеуіміздің ең негізгі шарты деп білемін. Сондықтан біз үшін бұл күннің маңызы ерекше.