Ақтоғай орталық кітапханасында 1 мамыр-бірлік күніне орай, «Бірлігіміз жарасқан » атты этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесу кеші өтті. Іс-шараға Ішкі саясатбөлімінің бас маманы Смагулов Махмет Қатайұлы, Ақтоғай ауданының «Аманат» партиясының басшысы Б.Е.Уюқбаев, аудандық «Ардагерлер» кеңесінің мүшелері, «Нұр-ана әлемі» қоғамдық бірлестік мүшелері, зиялы қауым, мәдени орталықтарының басшылары, мектеп ұстаздары мен оқушылары қадірлі қонақ ретінде қатысты. Мереке барысында мәдени бірлестік ұлт өкілдері, дәлірек айтсақ : «Нұр-ана әлемі» қоғамдық бірлестік, Орыс, Украин, Татар, Өзбек, Шешен, Белорус және Болгар этномәдени бірлестік өкілдері өз өнерлерін көрсетіп, жылы лебіздерін білдірді. Ақтоғай ауданының «Аманат» партиясының басшысы Б.Е.Уюқбаев барша жиналған қауымды және этномәдени бірлестік өкілдерін бірлік мерекесімен құттықтап, Белорус, Өзбек, Болгар этномәдени бірлестіктермен қоса басшылық етіп отырған Ақтоғай ОКЖ директоры Б.Машырықованы ұжымымен құттықтап, аудан көлеміндегі шараларға белсенділік танытқандары үшін алғыс хаттармен марапаттады.
https://www.instagram.com/reel/DJGDFlcS2A5/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=OHFmaHJ5MXQ5OHFy
.jpeg)
© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған