Жалаулы ауылдық кітапханасында "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында "Екі ғұмыр, бір әдеби әлем" әдеби круиз іс-шарасы болып өтті. Іс-шараның мақсаты ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыны оқу және насихаттау, ұлттық мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегелілікке тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқырмандардың назарына кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеге қойылған қос жазушының кітаптарымен оқырмандар жақын кеңінен танысты. Оқырмандар Ж. Нәжмеденовтың мемлекеттік әнұранға айналған "Менің Қазақстаным" әнін хормен орындады. Қос жазушының өлеңдері мен шығармаларынан үзінділер дауыстап оқыды.
https://www.instagram.com/reel/DMapIUkTZGo/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MTI2ZnR1OWNsNjMxaA==