КГУ



   Қазақстанда 130 дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді. Солардың бірі-Болгар халқы болып табылады. Қазіргі кезеңде біздің Ақтоғай өңірінде бұл ұлттың алтыншы ұрпақтары тұрады.
   Ақтоғай ауданында 2003 жылдан бастап болгар этномәдени орталығы белсенді жұмыс атқарады. Орталық басшысы Ақтоғай ОКЖ Ақжол ауылдық кітапханасының кітапханашысы Я.Д. Кравченко мәдени орталық мүшелерімен аудан, облыс көлемінде іс-шараларға белсене қатысып, дүйім жұртшылықты қуантып келеді.
   Биыл Ақтоғай жерінде облыстық болгар мәдени орталығы құрылғанының 19 жылдығы және болгарлардың Қазақстанға қоныстануына 114 жыл толуы ерекше мейраммен атап өтілді. 2007 жылы ауданда болгарлардың 100 жылдығына орай обелиск орнатылған болатын. Ақтоғай аудандық кітапханасында осыған орай үлкен іс-шара өтіп, аталмыш шараның құрметті қонақтары: Болгария республикасының ҚР өкілетті елшісі Боян Хаджиев, Болгар республикасының консулы И. Таласимов, Павлодар облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі А. Раисова, Павлодар облыстық болгар ұлттық мәдени орталығы қоғамдық бірлестік жетекшісі В. Шатова.
   Ақтоғай ауданының Болгар этномәдени орталығының басшысы Я.Д. Кравченко, сонымен қатар көршілес Ертіс ауданының этномәдени бірлестіктің мүшелері Болгар тілін, мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрін жандандыру мақсатында кең көлемді көрме ұйымдастырып, үлкен қонақтар Болгар ұлтының жайылған дастарханынан дәм татты. Кездесу соңында келген қонақтардың атынан Ақтоғай ОКЖ-не болгар тілінде жазылған кітаптары сыйға тартылды.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған