https://youtu.be/GUXCYBSSiyQ
Балалар апталығы аясында кішкентай оқырмандарды кітапхана өмірімен таныстыру, білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, кітапқа деген қызығушылықты арттыру мақсатымен Ақтоғай орталық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде «Білім кілті- кітапханада» атты Абай ОМ даярлық топ оқушыларының қатысуымен кітапханаға саяхат жасалды. Балалар кітаптардың көптеген ғажайып түрлерімен танысып, бүлдіршіндерге арналған көптеген суреттері бар ертегі кітаптар мен анықтамалармен танысып, слайд арқылы кітапхана бөлімдерімен таныстырылды. Қызықты және танымдық кітаптарының жиынтығы бар екендігі жөнінде, сонымен қатар кітаптарды қалай дұрыс пайдалану туралы білді. Шара сонында белсенді қатысқаны үшін тәтті сыйлықтарға ие болды.