https://youtube.com/shorts/0xpBhHDB2AA?feature=share
Кітапсүйер оқырман үшін қорға жаңадан түскен кітаптарды насихаттау мақсатында Ақтоғай орталық кітапхана алдында, таза ауада «Библиобульвар» атты жаңа түскен кітаптарға арналған кең көлемді көрме ұйымдастырылып,түрлі сала бойынша аудандық бюджет қаражатынан алынған жаңа кітаптар қойылды. Іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Оқырман назарына жаңадан түскен: детективтік, фантастикалық , психологиялық т.б. кітаптар қойылды.
Жазғы мектеп жанындағы лагерь тәрбиеленушілері де іс-шарадан тыс қалмай қатысты. Шараға М.Қайырбаев және Ж. Тіленшин ОМ бүлдіршіндері қатысып, көптен күткен кітаптарымен жүздесіп, түрлі жанырдағы кітаптарды таңдауға мүмкіндік алды.