КГУ

https://youtu.be/NUqPtNncLMk 

Наурыз мейрамы қарсаңында қазақтың салт-дәстүрін, ұлттық тағамдарын жаңғырту, ұлттық дәстүрімізді ұлықтау  және дәріптеу мақсатында Ақтоғай орталық кітапханасында «Бауырсақ-қазақтың аспаздық бренді» атты сайыс өтті. Мерекеге ақ әжелер «Нұр-Ана әлемі» мүшелері әділқазылар алқасы ретінде қатысты. Сайысқа қатысушы 7 үміткер үй жұмысы бойынша дайындап әкелген бауырсақ түрлерімен таныстырып, қазақтың салт-дәстүрлері жайында әңгімелесіп, кеш қонақтары өз тілектерін білдірді. Шара барысында жиналған қауым бауырсақтардың дәмін татып, сонымен бірге, домбыра тартылып, өлендер айтылып, безендірілген кітап көрмесі бойынша шолу жасалып, жеңімпаздар анықталған соң бірігіп Қаражорға биін билеп, көңілді тарасты.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған