КГУ

https://youtu.be/xTow4_thUBc 

   Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев жаңа Барыс жылын "Балалар жылы" деп жариялады. Балалар жылына орай балалар әдебиеттерін насихаттау мақсатында Ақтоғай орталық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде " Бар мейірім-балаларға» атты ашылу мерекесі өтті. Іс-шараға Қайырбаев ом 3 сынып оқушылары қатысты.
Кітапхана фойесінде ертегі кейіпкерлері балаларды қарсы алып, музыка әуенімен көңілдерін көтеріп, жақсы әсер алғандарымен қоймай, көптеген жаңалықтар мен мәліметтерге қанық етті. Бұл шара кітап оқу- терең ойларға бастайтынын және бір  ерекшелігі – рухани әлемімізді байытып, ақиқатты тануға жетелейтіндігін балалардың санасына енгізді.
Кітапханаға саяхат жасалып, аналар мерекесіне орай «Анаға құрмет» атты шеберлік сабағы өткізіліп, әр бала өз ата-анасына деген құрмет көрсету мақсатында өз қолдарымен мерекелік ашық хат жасап үйренді. Мереке соңында әр бала ертегі кейіпкерлерінің қолынан тәтті сыйлықтар алды.
Сан жылдар мен сан мың ғасыр өтседе
Алақанда бар қазынаң- бұл кітап
Көкте күнің алтын нұрын төксе де
Жан азығың, жан жылуың бұл- кітап деген дана сөзбен мереке өз мәресіне жетті.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған