КГУ



   Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз, - деп оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы лагерьлерге баруға асығады. Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алары сөзсіз. Осы орайда, балалардың демалысын, бос уақытын қамтамасыз ету мақсатымен Ақтоғай орталық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінің Қайырбаев ОМ мектеп жанындағы жазғы лагерінің тәрбиеленушілеріне арналған «Балғын балалық шақ» атты ойын-сауық бағдарламасын ұсынды. Шара барысында ертегі кейіпкерлері: шыбын, көбелектер, аралар көмегімен бұлттар арасында жасырылған күннің көзін құтқарып шеңбер жасап, балалардың сүйікті «Әрқашан күн сөнбесін» әні шырқалып, көптеген ойындар ойнатылып, оқушылар көптеген сұрақтарға жауап іздеп, өз білімдерін толықтыра түсті.
«Сіздер үшін- жаңа кітаптар жауыны» атты көркем, әдемі безендірілген кітап көрмесі бойынша шолу жасалды. Тәрбиеленушілер музыкалық ойыншық-кітаптардың батырмаларын басу арқылы түрлі аспаптардың үндерін, аңдардың дауыстарын ажыратып, панорамалық кітаптар арқылы ертегілер кейіпкерлерімен таныс болды. Шара соңында балаларды ең тамаша мезгіл, үш айға созылатын жазғы демалыстарымен құттықтап, қызықты кітаптар оқуды естен шығармаулары ескерілді.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған