https://youtu.be/fUE2A_aaUyQ
Қазақ балалар әдебиетін насихаттау, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, өскелең ұрпақтың рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру мақсатымен биылғы 2024 жылы "Бір ел -бір кітап" акциясы аясында «Жыл кітабы -2024» болып қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай шығармалары жаппай оқуға ұсынылды.
Осыған орай Ақтоғай аудандық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде «Балалар әдебиетінің атасы» атты әдеби-ақпарат сағаты өтті.
Іс-шара барысында оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылығы айтылып, классиктің туындылары таныстырылды. «Менің атым Қожа» атты көркем фильмінен үзінділер көрсетіліп, Қожа маған қандай мінезімен ұнайды? деген тақырыпта балалар өз ойларын айтты.