КГУ



 (Ақтоғай ауданының 85-жылдығына орай) «Бір суреттің сыры», «История одной фотографии» атты сайысын өткізу туралы  ЕРЕЖЕСІ



    Ақтоғай ауданының тарихымен кеңінен таныстыра отырып, туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктері мен мақтаныш сезімдерін тудыру мақсатында Ақтоғай аудандық кітапхана аудан тұрғындары мен қонақтары арасында сайысқа қатысуға шақырады.
    Сайыс 2023 жылы шілденің 18-нен тамыздың 18 не дейін өтеді. Тамыздың аяғында сайыс қорытындысы жарияланады. Аудандық кітапханада сайыс материалдары бойынша кітап көрмесі безендіріледі.
    Ең сәтті жұмыстар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

    Сайыстың өткізу тәртібі:

    Сайысқа ауданның тарихын көрсететін отбасы архивінен алынған фотолармен оның көшірмелері ұсынылады (ескі ғимараттар, үйлер, басқа да әкімшілік объектілері т.б. болуы мүмкін). Жұмысты тапсыру уақыты: 18 тамыз 2023 ж.

   Сайыс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:


   «Загляните в семейный альбом» (ескі ғимараттардың суреттері, үйлер, ескерткіштер т.б, сонымен қатар, беделді адамдармен кездескен сәттер суреттері)
   «Мгновения военных лет» (соғыс кезіндегі туыстардың, ата-әжелердің суреттері)
   «Это наша с тобой биография» (түрлі сәттерден көрініс суреттері . Мысалы: бұрынғы кезеңдегі көңіл-сауық кештер, мерекелер т.б).

   Қатысушылар сайысқа Ақтоғай ауданының тұрғындары қатыса алады.

   Сайыс құжаттарын безендіру талаптары:

   Фотосурет жіберу талаптары:

   Жұмыстар келесі мекен-жайға жіберіледі:

   Электрондық нұсқасын ватсап нөміріне жібере аласыздар 87053438763, электрондық пошта aktogaicbs@mail.ru немесе біздің кітапханамызға.

   Біздің мекен -жаймыз Ақтоғай ауылы, Қайырбаев к-сі 92.

   Бағалау критерийлері:

   Сайыс ережесіне сай болуы;
   Көркемдік безендіру талабына сай болуы;
   Эксперттік комиссиясымен сырттай формата ең сапалы фотосуреттер таңдалады.
   Жүлдегерлер дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

   Сайыстың қорытындысын шығару

   Сайыс қорытындысы номинациялар арқылы есептеледі 
   Сәтті шыққан суреттер.

   Қорытындысында Ақтоғай ауданында 85-жылдығына орай өтетін үлкен мерекелік іс-шара өтеді.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған