
Еліміздің болашағы жастардың қолында, еліміздің арайлы таңының пердесін тек белсенді жастар ғана аша алады. М. Жұмабаев атамыз жырлағандай: Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қырандай күштi қанатты. Мен жастарға сенемiн! Жігерлі қыз жігіттер, Елдің ертеңі, мемлекетіміздің тірегі. Осы қағиданы негізге ала отыра, жастарды тәуелсіздік туының астына біріктіруді мақсат етіп Ақтоғай орталық кітапханасында «Кешкі кітапхана» жобасы аясында «Қазіргі қоғамдағы жастардың орны мен рөлі!» атты кезекті отырысы пікірталас ретінде өтті. Шараға жиналған жастар көптеген өзекті мәселелерді қозғап, өз пікірлерімен бөлісті.
Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру жастардың қолдарында, яғни болашағымыз жастардың жауапкершілігінде. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында деген тұжырым оймен шара өз мәресіне жетті.