https://youtube.com/shorts/R9pY0XennjI?feature=share
Кітапханада оқушылар қатысуымен театр және кино режиссері, актер, Қазақстанның халық әртісі Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың 110 жылдығына арнайы «Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер» атты танымдық сағаты өткізілді.
Оқырмандар Шәкен Аймановтың актерлік өнерімен, режиссерлік шығармашылығымен таныстырылды. "ТТТ" клубының мүшесі Замкен Құралай қатысушылар назарына Шәкен Айманов туралы өзі дайындаған ақпаратты ұсынды.
Шәкен Айманов аса дарынды суреткер актер, ойшыл режиссер ретінде қазақтың сахна өнері мен кино өнерінің қалыптасып, шыңдалуына айрықша ықпал еткен, өшпес із қалдырған дара дарын иесі.