18 қазан - Рухани келісім күні ретінде еліміздің атаулы күндерінің қатарына қосылды. Осы уақыттан бастап бұл мереке елімізде жыл сайын лайықты деңгейде аталып келеді. Биыл 31 жылдығын атап өткелі отырған атаулы мерекеге орай Ақтоғай орталық кітапханасында Тәуелсіз Қазақстанның тарихын білу, жастардың, өскелең ұрпақтың бойына рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал ету, халықтың дәстүрлері мен рухани құндылықтарына аялай қарау, алға қойған мақсаттарға қол жеткізудегі бірлік пен азаматтық ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Қазақстан-бейбітшілік пен келісім аумағы» атты ашық диалог алаңы өтті. Іс-шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Дархан Бәкібайұлы Рамазанов, ауданымыздың «Ардагерлер»кеңесінің мүшесі Жасұлан Хамзаұлы Камзин, «Нұр-ана әлемі» бірлестігінің төрайымы Қатима Кәрімқызы Карағұжинова, Украин және Шешен-ингуш әтномәдени бірлестіктерінің мүшелері, Қайырбаев ОМ дебат клубы мен Абай ОМ жоғары сынып оқушылары.
Шара барысында атаулы күннің тарихы, мән-мағынасы, рухани келісімнің маңыздылығы жайлы тұщымды ақпараттар айтылды.
Шара қатысушылары назарына сондай-ақ деструктивті идеологиялардың таралуына жол бермеу үшін діни қызмет бойынша кері байланысты күшейту мәселелеріне арналған бейнефильмдер ұсынылып, талқыланды.