КГУ

   

   Қуғын-сүргін күніне орай, бүгінгі ұрпаққа өнегелі тәрбие беру, оларды Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға баулу, бала санасына тарихи шындықты жеткізу,өткеннің ауыр сабақтарын сараптай отырып, адамзаттың бүгінгі және болашақтағы тарихында осындай зұлматты болдырмау мақсатымен Ақтоғай орталық кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі ұйымдастыруымен аудан орталығында орналасқан қуғын-сүргінге ұшыраған жерлестерімізге арналған ескерткішке саяхат жасалды.
    Іс-шараға Қайырбаев ОМ 3 орыс сыныбы қатысып, шара барысында оқырман-балаларға қазақ халқының басынан өткен ең қиын-қыстау күндердiң бiрi - ашаршылық жылдары жайында әңгімеленіп, бабаларымыздың ерліктері мен мұралары болашақ ұрпақ үшін темірқазық іспетті болары анық екені айтылды.
   Бұл адамдарды біз ешқашан ұмытпақ емеспіз, олардың алдында мәңгілік қарыздармыз.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған