
«Кешкі кітапхана»жобасы аясында қазақтың әйгілі актері, қазақ киносының негізін қалаушылардың бірі Ш.Аймановтың туғанына 110 жыл толуына орай Ақтоғай орталық кітапханасында «Қазақ киносының атасы» атты әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шараға ауданның әр мекемесінің жастар қауымы қатысты. Шара басында Ш.Аймановтың «Тақиялы періште» атты фильмінен қысқаша көрініс қойылымы қойылып, атақты кинорежиссердің өмірбаяны мен шығармашылық жолы таныстырылып, режиссер ретінде нағыз кәсіби шебер екендігін талайға мойындатқан Шәкен Кенжетайұлының шығармашылық жолынан бейнефильм көрсетілімі тамашаланды. «Кино өнерінің саңлағы» атты кітап көрмесі бойынша шолу жасалды.
Жиналған қауым назарына Павлодар облысы бойынша Ш.Аймановтың 10 күндігі өтуіне орай аудандық кітапханасында 10 күн бойы атақты режиссердің фильмдері көрсетілімі (жоспарымен таныстырылды).Кеш соңында «Тақиялы періште» фильмі көрсетілді.