КГУ

   

   Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толды. Кітапханада Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру және аға - апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу мақсатында "Ауғанстан - жүректегі жара" атты тақырыптық сағаты өткізілді. Шара барысында оқырмандар соғыс туралы ой- пікірлерін суретке салып көрсетті.
Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт.
   Соғыс талай аналарды перзенттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы  «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде біз бейбіт елдің жастары, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын, Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтарымызды  құрмет тұтуға міндеттіміз. "Ауғанстан - жүректегі жара" Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған