КГУ

    

Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу,жас ұрпақтың патриоттық сезімін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған, жат жерде көз жұмған Қазақстан азаматтарын еске алу, оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке баули отырып тәрбие беру мақсатында Ақтоғай орталық кітапханасында «Ауғанның ыстық жалыны» атты реквием кеші өтті. Іс-шараға ауданымыздың қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Б.Қ.Молдабаев, ауданның Ауған соғысының ардагерлері: А.Карандашов, А.Серікпаев, М.А. Шәмшиденов, Д.Н. Мәдеев, А.А. Глухов, сонымен қатар, Ақтоғай ауданының қара нары, айтыскер ақын Б.Мұқажанов, «Нұр-ана әлемі» қоғамдық бірлестік төрағасы Қ.Қарағұжинова және Абай мен Қайырбаев ОМ жоғары сынып оқушылары ұстаздарымен қатысты. Шара барысында ардагерлерге сөз беріліп, оқушылар өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын ардагерлерге қойып, ұтымды жауап алынды. «Что ты за страна, такая Афганистан» атты бейнефильм көпшілік назарларына ұсынылды. «Ауғанның ыстық жалыны» атты кітап көрмесі бойынша шолу жасалды.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған