
Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу,жас ұрпақтың патриоттық сезімін оятып,Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған, жат жерде көз жұмған Қазақстан азаматтарын еске алу, отансүйгіштікке , ізгілікке баули отырып тәрбие беру мақсатында Ақтоғай орталық кітапханасында «Ауғанның ыстық жалыны» атты кездесу кеші өтті. Іс-шараға Ақтоғай аудандық мәслихат төрағасы Ж.Ш. Тәшенов, ауданымыздың қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Б.М. Ниязов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Қ. Арынов мекеме басшылары, зиялы қауым, «Нұр-ана әлемі»қоғамдық бірлестік мүшелері, Абай және Қайырбаев ОМ алғашқы әскери дайындық мұғалімдері, мектеп оқушылары және Ауған соғысының ардагерлері: А.Глухов, Қ.Жусупов, А.Карандашов, Д.Мадеев, А.Мержоев, Н.Оразалин, А.Серікпаев,М.Смагулов, М.Шамшиденов қатысуда.
Шара барысында ардагерлерге сөз беріліп, жиналған қауым өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын ардагерлерге қойып, ұтымды жауап алынды. «Афганистан, болит в моей душе» атты бейнефильм көпшілік назарларына ұсынылды. «Ауғанның ыстық жалыны» атты кітап көрмесі бойынша шолу жасалды.