КГУ

https://youtu.be/Wl-y0yLBlls 

   Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылдық кітапханасында "Шежірелі өлкемнің тарландары" жобасы аясында және Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай "Ауған соғысының ардагерлеріне тағзым" атты ауған соғысының ардагері, жерлесіміз Махмет Қатайұлы Смағұловпен дөңгелек үстел басындағы кездесу кеші болып өтті. Шараның мақсаты жас ұрпақты, келешек жастарды осындай батыр ағамызбен кездестіріп, жүздестіріп таныстыру. Ағамыздың өнегелі өмір жолынан үлгі алуға тәрбиелеу. Шараға ауыл тұрғындары, әкімшілік қызмекерлері, ауыл әкімі, мектеп директоры, мұғалімдер және оқушылар қатысты. Шара барысында ардагер ағамыздың ерлікке толы өмір жолы баяндалды. Жиналған қауым ардагер ағамызға сұрақтар қойып, жақсы әңгіме өрбіді. Оқушылар ардагер ағамызға арнап дайындаған өлеңдерін оқып, ән шырқап, би биледі. Шараның соңы ардагер ағамызға арналып жайылған дастарханмен жалғасын тапты. Дастархан үстінде де қызу әңгіме жүргізілді. Шара өте мазмұнды, әрі жоғарғы деңгейде өтті.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған