
Туған жерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, оқырмандардың туған өлкеге деген қадір-құрметін ояту, танымал жерлестердің өмірі мен, өткен жолын насихаттау мақсатында Ақтоғай орталық кітапханасының «Ауылым-ару мекенім» атты жобасы негізінде кітапханада Жолболды ауылынан келген оқырмандарға арналған «Ақтоғайда ізі қалған ұлы есімдер» атты әңгімелеу сағаты өтті. Шара тбарысында кітапханаға саяхат жасалып, киелі, айбынды
Ақтоғай өңірінің қазіргі ұрпақтарға бабаларымызды еске алып, тағзым етіп, құрмет көрсетуіміз қажет болғандықтан, ауданымыздың Құрметті азаматтары, ғылым докторлары, атақты адамдары жайында толыққанды мәлімет берілді. Ақтоғайдың 85 жылдығына орай безендірілген «Ақтоғай –алтын бесігім » атты кітап көрмесі бойынша шолу жасалды.