https://youtu.be/moMic3RpZ9Y
Ақтоғай өңірі тарихын көпшілікке таныстыру мақсатында және Ақтоғай ауданының 85 жылдығына орай Ақтоғай орталық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде М.Қайырбаев ОМ 4а және 4 в сынып оқушыларының қатысуымен «Ақтоғай-алтын бесігім» атты іс-шара өтті. Шара барысында Ақтоғай ауданы тарихы айтылып, тақырыпқа орай викториналық ойындар өткізіліп, «Аудан тарихы беттерінен», «Жерлестеріміз-Ұлы Отан соғысының ардагерлері» және «Өлкенің атақты ақын-жазушылары» атты үш бөлімнен тұратын кең көлемді кітап көрмесі бойынша шолу жасалды. Іс-шара соңында қатысушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.