КГУ

https://youtu.be/siHb7kEBKbA 

    30 тамыз егеменді еліміздің ұлы тарихынан орын алатын бүкілхалықтық мереке — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Осыдан 26 жыл бұрын тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш Ата Заңы қабылданды. Дәлірек айтсақ, 1995 жылдың 30 тамызы күні бүкілхалықтық референдумда қабылданып, содан бері қарай тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата Заң - мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың алға қарай басуына, дамудың қайнар бастауына айналды.
Конституция тәуелсіз мемлекет ретінде дамуымызға даңғыл болып, елдің бетке алған бағдарының тұтастай бөлігін қамтып отырған ең үлкен құжат болып саналады. Конституциялық құндылықтарды құруға және таратуға бағытталған тәрбиелік сипаттағы өркениетті іс-әрекет болып табылады.
    Өз Отанын танып, сүю, сүйіспеншілікпен қарап, Заңды құрметтеуді насихаттау мақсатында Ақтоғай орталық кітапханасында «Ата Заңды құрметтейік» атты онлайн режимінде тарихи кеш өтті. Іс-шара бейнепрезентация арқылы өз жалғасын тапты.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған