Ақтоғай ауданы Басқамыс ауылдық кітапханасы. Кітапханада оқушыларға отбасының ұйытқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру мақсатында "Асқарым бар, өте биік "әке" деген" атты танымдық сағаты өткізілді.
Шара барысында оқушылар әке туралы ой- пікірлерін білдірді. Әкелеріне құттықтау жазды, әке туралы өлеңдер мәнерлеп оқыды.
Төбесінде бұлт аунар,
Жер бетінде тұр таулар.
Бірақ, мына мен үшін,
Бәрінен биік бір тау бар.
Кім десе егер сенерің,
Әкем менің дер едім.
Сол биікке күн сайын,
Қарап өсіп келемін.