КГУ

      

Ғарыш қаһармандары (дөңгелек үстел)

   Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 30 жыл бұрын еліміздің тарихында айтулы оқиға болып, 2 қазанда адамзаттың ғарышты алғаш игеруіне 60 жыл және тұңғыш қазақ баласының ғарышты бағындырғанына 30 жыл толады. Жастардың патриоттық санасының оянуына зор ықпал ету мақсатында  осы айтулы датаға орай Ақтоғай орталық кітапханасында «Nur Otan» аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Б. Алхановтың ұйымдастыруымен «Ғарыш қаһармандары» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға М.Қайырбаев ОМ.8 сынып оқушылары ұстаздарымен және БАҚ өкілі қатысты. Ғарышты игеру әрқашан адамзаттың ең аңсарлы арманының бірі болғандығы айтылып, Тоқтар Әубәкіровтің өмірбаяны мен қызметі баяндалып, бейнеролик қатысушылардың назарына ұсынылды.Кең көлемді кітап көрмесі бойынша шолу жасалды.
    Оқушылар Қазақстанның ғарыш айлағы мен қазақ ғарышкерлеріне арнап өлеңдер  оқып, дөңгелек үстел басында тәуелсіз Қазақстан туралы, Байқоңыр ғарыш айлағы туралы ізденістерін баяндады.

   Көк туымызда бейнеленген күн астында самғаған қырандай болып көк аспанда қалықтаған қазақтың үш қыранының қанаттары ешқашан талмасын демекпіз. Алаш арманын асқақтатқан үш қыранның әлі талай жас қырандардың арманының шырақшысына айналып, бейнелері Мәңгілік елдің ұрпақтарының жадында сақталып, аттары тарих қатпарында алтын әріптермен жазылып, әркімнің ой биігінен де түспейтіндері сөзсіз.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған