
Оқырман қауымның рухани құндылықтарын қайта жаңғырту тұсында, жас ұрпақтың санасы мен рухани мәдениетінің жоғарлауына ықпалын тигізу мақсатында Ақтоғай орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» жобасы аясында аудандық «Ауылдастар» клубында «Арқаның арыс азаматы» атты атақты жерлесіміз, ел мақтанышына айналған генерал-майор Жүкен Баймұхамбетұлы Мәрденовтың бастамасымен жазылған «Ата тарату турасында жазылған Шежіре» кітабының тұсаукесері өтті.
Ұсынылып отырған басылым қалың оқырман қауымға оқысын,білсін,өткенді құрметтеп, еске сақтап,олардың ұрпақтары, қайырымды істерін жалғастырсын, елге адал қызмет жасап,халқының мақтанышы болсын деген ниетпен жазылған. Бұл шежіреде Итеңменнің 6 баласынан тараған ұрпақтары берілген.
Шара қонақтары «Ауылдастар» клубының мүшелері ризашылықтарын білдіріп, кеш соңында Көкен ақсақал кітаптың оқырмандары көп болсын деген ниетпен өз батасын берді.