https://www.instagram.com/p/C4MvnuQIyVO/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақтоғай ауданы Басқамыс ауылдық кітапханасы.
Кітапханада
" Ана жүрегі" атты әдеби шолу өткізілді.
Қатысушылар назарына Ана туралы шығармалар ұсынылып, шолу жасалды.
"Жердегі бар тағамнан
Ана сүті нәрлі екен.
Бұл жалғанда анамнан,
Сүйікті адам бар ма екен? "
Ф. Оңғарсынова
Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. "Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да, қарызыңды өтей алмайсың" - деп бекер айтпаған. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаға қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдыңдағы парызды өтеу.