
Өскелең ұрпақты достыққа, бір-біріне құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатымен Ақтоғай орталық кітапханасында 1 наурыз Алғыс айту күніне орай« Алғыс айту-асыл қасиет» атты мерекелік шара өтті.
Шараға Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары Б.К. Оспанова, сонымен қатар:мешіт имамы Ахметолла қажы,аудандық «Нұр-ана әлемі»қоғамдық бірлестік мүшелері, ауданымыздың электр жүйесінің маманы Д.В. Мартынкус,аурухана дәрігері Б.Д.Нұрмағамбетов, балалар құтқарушысыА.А.Карандашов, бала қамқоршысы Т.В. Зубарева, өрт сөндірушілер Ә.Мәжит және Е.Ахметов, ауданымыздың қарапайым адамдары М.Мұғалімхан, А.Алтынбек, волонтер Е.Каймолденова, мәдениет саласының ардагері Н.А. Кочубеева құрметті қонақ ретінде шақырылып, кітапхана саласындағы көп жылғы ерен еңбегі үшін облыстық кәсіподақ тарапынан «Ерен еңбегі» атты төсбелгімен марапатталды. Кездесу достық атмосферада өтіп, шақырылған қонақтар өздерінің өмірлерінің әсерлі және қызықты сәттерін үлкен қуанышпен айтып берді, жақсы естеліктерімен бөлісті. «Нұр-ана әлемі »қоғамдық бірлестік төрайымы Қ.К. Карағұжинова барша қауымды құттықтап, мектеп оқушыларына шағын сыйлықтар табыстады.
Мереке Мәдениет үйінің қызметкерлерінің әсем әндерімен өз жалғасын тапты.