КГУ

https://youtu.be/dNnwAl7Q30w


Күш иесі Қажымұқан атамыз жайлы түсінік беру, оның өмірі, спорттағы жетістіктері туралы білімдерін кеңейту, ел намысын қорғайтын азамат болуға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу мақсатында Ақтоғай орталық кітапханасында онлайн-режиміндегі оқырмандарға арналған Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай « Алып бала-Қажымұқан» атты ақпарат сағаты өтті. Қазақ халқының маңдайына біткен, қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуаны. Тұтас ғұмырын спортқа, күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз жайында ақпарат беріліп, кітап көрмесі бойынша шолу жасалды.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған