КГУ

   

   Ағымдағы жылдың 2 желтоқсанында Ақтоғай орталық кітапханасында Павлодар Мемлекеттік Университетінің қазақ филология факультетінің профессоры Айтмұхамет Қасымбайұлы Трушевпен кездесу өті. Өз сөзінде Айтмұхамет Қасымбайұлы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмір жолымен қысқаша таныстырып өтті. Шара соңында «Ғылымхал» деп аталатын монографиясын кітапханаға тарту еті. Бұл еңбек жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистрларына, докторанттарына арналған. Мұнда зерттеушінің әр-жылдардағы жарық көрген ғылыми мақалалары енген. Монографияда Мәшһүр–Жүсіп шығармаларындағы тілге, тарихқа, әдебиетке қатысты мәселелер берілген. Безендірілген кітап көрмесі бойынша шолу жасалып, Мәшһүр–Жүсіп Көпейұлына арналған бейне көрсетілім тамашаланды.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған