КГУ

https://youtu.be/Snce4ZUxRb4 

   Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен ҚР Қарулы күштерінің әуе қорғанысы күштері әскери -әуе күштері қолбасшысы, авиация генерал майоры, ұшқыш-мерген Жалаулы ауылының тумасы, жерлесіміз Д. Қосановтың 55 жасқа толуына орай Н.Алшынов атындағы Жалаулы ОМ-нің 4 сынып оқушыларымен "Шежірелі өлкемнің тарландары" жобасы аясында "Қаhарман ер - ел мақтанышы" ерлік сабағы болып өтті. Шараның мақсаты жерлес атақты ұшқыш ағамыздың өмір жолымен жас ұрпақты жақын таныстыру, ағамыздың өнегелі ерлік жолынан үлгі алуға тәрбиелеу. Окырмандардың назарына жерлес ұшқыш ағамыздың өмір жолы туралы слайд- презентация көрсетілді. Оқушылар жерлесіміздің өмір жолымен жақын танысып, қызығушылық танытты. Түрлі сұрақтар қойды. Кейбірлері жерлесімізді білетінін, ол туралы ата- аналарынан естігенін айтты. Шара өте тартымды өтті. Біз Жалаулылықтар осындай атақты авиация генерал майоры, ұшқыш-мерген ағамызбен мақтанамыз, құрмет тұтамыз. Осындай ардақты ағаларымыздың жолын қуып, өнегелі ұрпақтарымыз көп болсын.

ІС-ШАРАЛАР АФИШАСЫ

Барлық оқиғалар

Маңызды ақпарат

© 2006—2021 Павлодар облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар сақталған