
Ақтоғай аудандық орталық кітапханасында «Адал болу оңай ма?» атты ашық сұхбат алаңы өтті. Сұхбат өте тағылымды, берері мол еркін форматтағы әңгімемен өрбіп отырды. Іс-шара спикері еңбек ардагері, «Нұр-ана әлемі» бірлестігінің төрайымы Қатима Кәрімқызы Карагужинова моралдік ережелерді саналы орындауға талпыну, адал және ӛнегелі адам болуға тәрбиелеу мақсатында өз пікірімен бөлісті.