



Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл толуына орай байланысты «Ақ Орамал» республикалық акциясы.
27-тамыз күні Ақтоғай аудандық орталық кітапханасында «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің Ақтоғай аудандық филиалы Ақтоғай ауданының орталық кітапханасымен бірлесіп Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл толуына орай Қазақстан халқы Ассамблеясының демеушілігімен өтіп жатқан «Ақ Орамал» республикалық акциясы аясында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелде Семей полигонының жабылуына байланысты мәліметтер беріліп, «Полигон дауысы мәңгі өшсін» деген бейнефильм көрсетілді.
«Ақ орамал» ақциясы бойынша Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Карагужинова К.К. осы акцияның мән-мазмұнына тоқталып, ақ орамалдың қасиетін айтып берді. Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Башикова Бакизат апай ақ орамал қадірі туралы өз ойын айтып, Мукашева Гүлжамал апай «Ақ орамал» атты өлеңін оқыды.
Нұраналық ақжаулықты аналар көп балалы жас аналарға ақ орамал сыйға тартып, бата беріп, шашу шашты.
Іс-шара соңында Бакият Тасымқызы «Анашым» өлеңін орындап, «Семей полигоны – тарихтың қастерлі беттері»атты кітап көрмесіне шолу ұйымдастырылды.