
Бұл күні әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер айшықталады. Ұмыт бола бастаған жоралғылар жаңғыртылады, барлары заман талабына сай дамытылады. Салт-дәстүрдің, ырым-жырымның адам мен қоғам өміріндегі маңызы түсіндіріледі. Мұндай құндылықтар ұлттық кодты сақтаудың компоненті екені айтылады. Осы күні Елбасы айтқан «кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді» жоюдың жолдары талқыланады.
Осы күні әр адам жақындарына сый-сияпат жасайды. Осы мақсатта коммерциялық ұйымдардыңарнайы «Nauryz сыйлық» әзірлеуін қамтамасыз етуі керек. Ол адамдардың қалтасына қарай әртүрлі бағада болғаны жөн.