Кітапханашылардың біліктілігін арттыру және әдістемелік көмек көрсету, ҚР өтіп жатқан халық санағына ат салысу мақсатында Ақтоғай ОКЖ ағымдағы жылдың 10 қыркүйек күні «21 ғасырдағы кітапханалар: болашағы мен міндеттері» тақырыбында семинар өтті. Семинар жұмысына Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.М. Сәдуақасов, Ақтоғай ОКЖ директоры Б.Б. Машырықова, Ақтоғай ауданының статистика басқармасының басшысы С.С. Шаймерденов және статистика басқармасының маманы Л.Сафронова, аудандық кітапхана қызметкерлерімен ауылдық кітапхана-филиалдарының кітапханашылары қатысты.
Ақтоғай ОКЖ директоры жиналған қауымды семинар жоспарымен таныстырып, бағыт-бағдарларды айқындап, сөз кезегі Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.М. Сәдуақасовқа беріліп, өз сөзінде кітапханашылардың өлкеміздің мәдениеті мен өркениетіне өзіндік үлес қосатынына сенетінін жеткізді.
Биыл елімізде Ұлттық халық санағы жүргізіледі. Бұл елдегі демографиялық,экономикалық және басқа да қоғамдық өлшемдердің даму дәрежесін айқындайтын үлкен шара болып табылады.
Алдымен онлайн режимінде интернет сауалнама толтырылады. Әрбір азамат сауалнамадан өз бетінше өте алады. Осы шараға аудан кітапханашылары да белсене қатысуда. Осыған орай
Ақтоғай ауданының статистика басқармасының басшысы С.С. Шаймерденов және статистика басқармасының маманы Л.Сафронова осы ауқымды жұмыс ережелерін айта кетіп, бейнефильм арқылы таныстырылды.
Аудандық әдістемелік ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің жоспары негізінде кітапхана қызметкерлері ауылдық кітапханаларда тексеру барысымен болып, аналитикалық талдау жасалып, көптеген әртүрлі сұрақтар талданды.