
Бұл күні әр адам мүмкіндігі келетін бір жақсы іс жасайды. Волонтерлердің қатысуымен түрлі іс-шаралар өтеді. Жаппай халықтың қатысуымен тазалықтар өткізіледі.
Сонымен қатар, наурызды тойлау апталығының бұл күні жоқ-жітімге, жарлы-жақыбайға қол ұшын беруге арналады. Дәулеті мүмкіншілік беретін адамдар әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға «наурыз дастархан» ретінде азық-түлік үлестіреді. Сонымен қатар жомарт жүректі азаматтар қоғамдық маңызы бар объектілер салуға, жөндеуге атсалысады. Осы күні жергілікті әкімдіктер түрлі қайырымдылық акцияларын ұйымдастырады.